ТЖ министрі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметі туралы есеп тыңдады

 

2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Мемлекеттік материалдық резервтер комитетіне барды.
Кездесу барысында Комитет төрағасы Салтанат Сабырбаева министрге комитеттің және «Резерв» РМК басшылығының жеке құрамын таныстырды.
Комитет төрағасының орынбасары Дәулет Сұлтанов Комитет қызметінің нәтижелері туралы баяндап, Комитетті дамытудың және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы заңнамалық актілерді жетілдірудің алдағы жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік және жұмылдыру резерві мәселелері жөніндегі басқармалардың басшылары Әсет Кокушев пен Асқар Маутанов баяндама жасады.
«Резерв» РМК қызметі туралы Кәсіпорынның бас директоры Ришат Асансеитов баяндады. Сондай-ақ, оның орынбасарлары мен «Резерв» РМК филиалдарының директорлары тыңдалды.
Министр Комитет басшылығы мен «Резерв» РМК алдына бірқатар міндеттер қойып, жұмыста табыс және алға қойылған мақсаттарды іске асыруды тіледі.

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі