Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

2024 жылғы 7 наурызда Мемлекеттік материалдық резервтер комитетімен «Резерв» РМК ұжымының ер азаматтары гүл шоқтарымен және сыйлықтарымен әйелдерді қарсы алды. Сол күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шарада Төтенше жағдайлар министрінің атынан әйелдер қауымын Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы С.К. Сабырбаева құттықтап, мемматрезервтің бірқатар қызметшілеріне ведомстволық наградаларды табыстады, сондай-ақ қызметкерлердің балаларына «Менің анам жұмыста» тақырыбындағы суреттер байқауының қорытындысы бойынша дипломдар мен сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Д.Т. Сұлтанов және «Резерв» РМК Бас директоры Р.М. Асансеитов әйелдерге жылы лебіздері мен құттықтауларын білдірді.

Салтанатты іс-шара шақырылған әртістердің қатысуымен өткен концертпен жалғасты.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі