Бос лауазымға конкурс жариялау туралы хабарландыру

010000, Астана қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - Комитет) Комитеттің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды, ауыстыруды, олардың сақталуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде материалдық құндылықтарды уақытша бос ыдыстарда, үй-жайларда, ашық алаңдарда, тоңазытқыш камераларда сақтау, вагондарды уақытша сақтау үшін теміржол тұйығын ұсыну, оның ішінде тиеу, түсіру, өлшеу бойынша, сондай-ақ жылжымалы құрамның өтуі үшін локомотив, техника қызметін, кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе құқық саласында (юриспруденция, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе экономика және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы;

2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және осы Кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметі қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді және өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Адольф Янушкевич көшесі, 2, сондай-ақ, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат Комитеттің сайтында.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 235-603.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі