Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді

Қазақстанда Көктем қысты ығыстырып, өз құқығына толықтай енеді!

Наурыз тек көктемгі күн мен түннің теңесуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіреді. Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты, достық пен махаббатты бейнелейді. Бұл күні адамдар әдемі киініп, бір-біріне ізгі тілектермен және ұлттық тағамдармен барады. Шығыс халықтары үшін Наурыз жаңа өмірдің жаршысы болып саналады!

18-20 наурыз аралығында Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» РМК-мен бірлесіп осы ерекше және жарқын көктем мерекесінің басталу қарсаңын атап өтті!

Мәселен, 18 наурызда ұйымдардың қызметкерлері ұлттық киіммен жұмысқа шығып, 19 наурызда «арқан тарту», «гір көтеру», «тоғыз құмалақ», «асық ойыны» ұлттық ойындарынан жарыстарға қатысты, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. 20 наурызда Комитет пен «Резерв» РМК ұжымдары ұлттық тағамдар әкеп мол дастархан жайды.

Елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру ісінің аясында ұйымдастырылған іс-шаралар бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде өткізілді.

Проведены мероприятия, посвященные Наурыз мейрамы

© 2023
 
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі