«Резерв» РМК Қазақстан Республикасы Конституциясы күнінің 30 жылдығына орай іс-шара өткізді

 

 

    1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды. Елдің негізгі құжаты халықтың ерік-жігерін, оның Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге деген ұмтылысын көрсетеді, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Конституцияны әзірлеу және қабылдау Қазақстан тәуелсіздігін құру жолындағы шешуші сәттердің бірі болды.

Конституция күнінің 30 жылдығын мерекелеу және Жаңа Қазақстанды құру идеясында азаматтық сезімді нығайту құрметіне «Резерв» РМК-да ұжым қызметкерлерінің дарынды балаларының қатысуымен салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өтті.

Салтанатты жиналыста «Резерв» РМК Бас директоры А.Д. Қаскеленов құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің дамуындағы мемлекеттік материалдық резерв қызметкерлерінің маңыздылығын атап өтіп, ерекше көзге түскен қызметкерлерге ҚР ТЖМ, ММРК және «Резерв» РМК басшылығының атынан грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.