Ақпараттық қауіпсіздік саласында қызметкерлердің хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 3 қазанда РМК «Резерв» және оның филиалдарында жұмыс ортасында конфиденциалды ақпаратты қорғау мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылардың назары конфиденциалды ақпараттың сақталуының маңыздылығына, оның таралу қаупінің заманауи тәуекелдеріне, сондай-ақ құжаттармен қауіпсіз жұмыс істеудің тәжірибелік тәсілдеріне аударылды. Сонымен қатар ақпаратқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын күнделікті қызметте сақтауға ерекше көңіл бөлінді.
Осындай семинарлар деректерді қорғаудың бірыңғай тәсілін нығайтуға және РМК «Резерв» пен оның филиалдарындағы қызметкерлердің конфиденциалды ақпараттың сақталуына жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
- Опубликовано: 03 Октябрь 2025
- Обновлено: 03 Октябрь 2025
- Создано: 03 Октябрь 2025
- Просмотров: 39