«Резерв» РМҚ қызметкері Асу Алмабаев UFC Fight Night 265 турнирінде жеңіске жетті


«Резерв» РМҚ қызметкері Асу Алмабаев Катардың Доха қаласында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа созылып, үшінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңумен аяқталды.

Асу Алмабаевты сенімді әрі көрнекі өнер көрсетуімен құттықтаймыз. Оның жоғары дайындық деңгейін, табандылығын және жігерін ерекше атап өтеміз — дәл осы қасиеттері оған лайықты жеңіске жетуге мүмкіндік берді.