2025 жыл қорытындысы бойынша «Резерв» РМК филиалдары арасында конкурс қорытындыланды

          

«Резерв» РМК-да 2025 жылғы қызмет нәтижелері бойынша филиалдар арасында конкурс қорытындылары шығарылды.

Конкурс «Резерв» РМК филиалдары арасында олардың қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді.

2025 жылғы қызметті бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

I топта – «Стрела» филиалы 1-орын иеленді, «Заря» филиалы 2-орынға, «Автоматика» филиалы 3-орынға ие болды;

II топта – «Орбита» филиалы 1-орын иеленді, «Целина» филиалы 2-орынға, «Сигнал» филиалы 3-орынға ие болды.

Жүлделі орын алған филиалдардың басшылары тиісті дәрежедегі дипломдармен, ал өз топтарында жеңіске жеткен филиалдар естелік кубоктармен марапатталды.

Конкурс филиалдардың жұмыс тиімділігін бағалау және олардың қызмет сапасын арттыру мақсатында өткізілді.