2017 жылғы 17 ақпан күні Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министрі А.Қ. Рамазановтың төрағалығымен Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің 2016 жылғы қызметінің нәтижелері және 2017 жылға негізгі міндеттері бойынша Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске Комитет қызметкерлері, «Резерв» РМК және олардың филиалдарының басшылары, мобилизациялық резервті сақтауға жауапты пунктердің өкілдері қатысты.
Мәжіліс аясындағы талқылаудың негізгі тақырыптары басты оқиғалар мен мемлекеттік материалдық резервтер комитеті және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысының нәтижелері, 2017 жылға жоспарлары, оларды іске асыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Комитеттің негізгі бағыттары мен 2016 жылғы қызметінің нәтижелері жайлы комитет төрағасы Б.З. Иманәлиев өзінің баяндамасын мультимедиялық презентация арқылы баяндады.
Комитет қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық жағынан қауіпсіздігін және мемлекеттің мобилизациялық даярлығын қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар қорын қалыптастыру, гуманитарлық көмек көрсету мен төтенше жағдайларды және олардың алдын алу және салдарын жою бойынша шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету және босқындарға көмек болып табылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау үшін бөлінген бюджет қаражатын үлестіруші бола отырып комитет бюджетке қаражат аударумен қатар, мемлекеттік міндеттемелердің шығыс бөлігін өтеу бойынша да жоспарлы көрсеткіштерде жетістіктерге қол жеткізді.
Өткен жылдың басты шараларының бірі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын бақылау мақсатында «Резерв» РМК барлық филиалдарында жоспардан тыс мүлікті толық түгендеу жұмысы жасалды. Нәтижесінде тиісті шаралар қабылданды және анықталған кемшіліктер жойылды.
Сонымен қатар комитет төрағасы гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарына ерекше назар аударды. Сонымен, 2016 жылы Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасындағы қолайсыз табиғаттық-климаттық жағдайларға байланысты, сондай-ақ Сирия Араб Республикасына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар мен азық-түлік шығару жүзеге асырылды.
Мемлекеттік материалдық резерв сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының әрқашан дайын болуында ерекше рөл атқарады.
Есеп беру кезеңінде Ақтөбе, Қарағанды Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бірінші кезектегі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және көлік техникалары мен шатырлар шығарылды.
Баяндаманың соңында Б.З. Иманәлиев қиын мәселелерді баяндады және оларды шешу жолдарын ұсынды. Сонымен бірге, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты мемлекет басшысының жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында сандық технологияларды қолдана отырып жаңа форматта мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамыту және Комитеттің 2017 жылға арналған негізгі мәселелері жайында айтылды.
«Резерв» РМК бас директоры Д.А. Жарлықапов «Резерв» РМК орталық аппарат және филиалдар желісі қызметінің 2016 жылғы қорытындылары, қоймалар және мұнай базаларының жағдайы мен өндірістік қуаты және «Резерв» РМК филиалдардың ағымдағы жағдайы туралы баяндады.
Д.А. Жарлықаповтың баяндамасының қорытындысы бойынша «Резерв» РМК алдында қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Сондай-ақ мәжілісте жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауға жауапты пунктердің өкілдері сөз сөйледі. Осылайша, «Қазақстантеміржолы» ҰК» арнайы бөлімінің басшысы Л.Н. Рахматулин мен «Казгидромет» РМК Жұмылдыру дайындығы қызметінің басшысы Б.С. Магзумов өз сөзіндерінде комитет пен сақтауға жауапты пунктердің ынтымақтастықтарын жетілдіру бойынша негізгі бағыттарын және ұйымдардағы мемлекеттік материалдық резервтің рөлін атап өтті.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі А.К. Рамазанов өзінің сөзінің соңында мәжілісті қорытындылады және мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қиын мәселелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.
- Опубликовано: 10 Март 2017
- Обновлено: 10 Март 2017
- Создано: 10 Март 2017
- Просмотров: 9548