2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Халықаралық Әйелдер Күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметкерлері, оның ішінде Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері қатысты.
Осы тамаша күні Министрліктің ерлер қауымы әйелдерді мерекелік залға гүл шоқтарымен шығарып салды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Атамқұлов әйелдер ұжымын 8-наурыз мерекесімен құттықтап, Министрліктің қызметкерлері болып табылатын еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және көп балалы аналарды алғыс хаттармен марапаттады.
Марапатталғандар арасында Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері болды:
Д.Ф. Уатаева – Комитеттің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің бас сарапшысы (Комитет ардагері);
Л.Б. Исакова – Комитеттің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің сарапшысы (көпбалалы ана);
Р.О. Қасенова – Комитет ардагері;
Л.С. Көбегенова – Комитет ардагері;
Ш.С. Құрманғазина – «Резерв» РМК техникалық қызметкері (өндіріс озаты);
А.А. Әбішева – «Резерв» РМК «Заря» филиалының экономикалық есеп бөлімінің жетекші маманы (көпбалалы ана);
Г.Д. Кубиева – Резерв» РМК «Комета» филиалының технологиялық бөлімінің лифтшісі (өндіріс озаты);
К.М. Абдуллина – Резерв» РМК «Бүркіт» филиалының мемлекеттік тіл маманы («Резерв» РМК ардагері).
- Опубликовано: 13 Март 2017
- Обновлено: 13 Март 2017
- Создано: 13 Март 2017
- Просмотров: 9119