2017 жылғы 23 маусымда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2017 жылғы 23 маусымда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы  М.Р. Нұрғожиннің төрағалық етуімен Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстваларының қызметкерлері, оның ішінде Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері қатысты.

М.Р. Нұрғожин құттықтау сөз сөйлеп, министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстваларының қызметкерлеріне қызметтегі жоғары көрсеткіштері және қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің дамуына қосқан елеулі  үлесі үшін  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Жұмылдыру резервін есепке алу және бақылау басқармасының басшысы – Б.К. Ахметов алғыс хатпен марапатталды.

Мереке қарсаңында мемлекеттік  қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі