Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрі Бейбіт Атамқұловтың патша Абдель Азиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығының Президенті, доктор Турки бен Сауд бен Мухаммад Аль Саудпен (Сауд Арабия патшалығы) кездесу өтті. Іс-шара барысында ғарыштық қызметі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды.
Келіссөз нәтижесінде біріккен Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Аталған Жұмыс тобының негізгі мақсаттары ретінде ынтымақтастықтың потенциалды бағыттарын қарастыру мен оларды жүзеге асыру қадамдарын қамтитын Жол картасын құрастыру белгіленді.
Жұмыс сапары аясында доктор Турки бен Сауд бен Мухаммад Аль Сауд Астана қаласындағы Ұлттық ғарыштық орталығын көріп, онда қазақстандық ғарыштық жобаларының жүзеге асыру барысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Эр-Рияд қаласында Қазғарыш пен патша Абдель Азиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашығы арасында Ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу мен пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
- Опубликовано: 10 Сентябрь 2017
- Обновлено: 11 Сентябрь 2017
- Создано: 10 Сентябрь 2017
- Просмотров: 8208