ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің делегациясы ТМД қатысушы мемлекеттерде Консультативтік кеңесінің отырысының жұмысына қатысты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрамында жұмылдыру резервін есепке алу мен бақылау және мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару басқармаларының басшылары бар делегациясы ТМД қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің XIII отырысының жұмысына қатысты.

Үстіміздегі жылдың 23-24 тамызында Минск қаласында өткен іс-шараға Армениия, Беларусь, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Моңғолия, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің делегациялары да қатысты.

Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Ващенко мен ТМД Атқарушы хатшысы-Атқару комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский Консультативтік кеңес отырысына қатысушыларға арнап кіріспе сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде Достастық аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері мемматрезервтері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап айтты.

Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі материалдық резервтер Департаментінің бастығы Евгений Бондарь – Консультативтік кеңес өткізуші ел өкілі ретінде 2016-2017 жылдардағы атқарылған қызмет туралы есеп берді.

Ол Консультативтік кеңес қызметі бірінші кезекте 2020 жылға дейінгі кезеңдегі ТМД қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың ынтымақтастығы тұжырымдамасын іске асыруға бағытталды деп атап өтті.

Беларусь мемрезервінің басшысы қазіргі жағдайларда ТМД-да төтенше жағдайларға ұжымдық ден қою жүйесін дамытудың және Мемлекеттік материалдық резервтердің запастарын пайдалану бойынша шешімдердің оперативтілігін қамтамасыз етудің бірінші кезекте тұрғанын баса айтты.

2016-2017 жылдарда Консультативтік кеңеске мүше мемлекеттер бірнеше рет өз материалдық-техникалық ресурстарын, соның ішінде Қызыл крест халықаралық комитеті арқылы ТМД мемлекеттерінің және алыс шетелдердің халқына ізгілік көмек көрсету үшін берген болатын. Көмек Украинаға, Тәжікстанға, Сирияға, Шри-Ланкаға, Йеменге жіберілді.

Евгений Бондарь өз баяндамасында мемрезервтер өкілдерінің кездесулері мен консультацияларын өткізудің, сондай-ақ кадрлар даярлау мен біліктілікті арттыру саласындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамытудың маңызын атап айтты.

Отырыс ауқымында стратегиялық запастарды қалыптастыру мен оларға  қызмет көрсетудің көкейтесті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің жұмылдыру резервін есепке алу мен бақылау басқармасының басшысы мемлекеттік резервті есепке алу жүйесін автоматтандыру, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және ізгілік көмек көрсету кезінде материалдық резервтерді шығару тәртібін жетілдіру туралы баяндама жасады.

Росрезерв басшысының орынбасары Елена Абрамова мемлекеттік резерв жүйесін дамытудың басым бағыттары туралы баяндама жасады.

Ол қорғаныс, қауіпсіздік, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақ пен халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруға жауап беретін ведомстволардың ұсыныстары негізінде жүргізіліп отырған мемлекеттік резерв запастарының құрылымын жетілдіру жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударды. Осындай жұмыстардың ұдайы жүргізілуі елдегі қалыптасқан саяси және экономикалық ахуалға резервтердің сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Отырыстқа қатысушылар ТМД қатысушы мемлекеттер мемлекеттік резервтер жүйесін ғылыми-техникалық дамыту және кадрларды даярлау саласындағы Базалық ұйымы ретінде Росрезерв Сақтау проблемалары ҒЗИ жұмысын қанағаттанарлық деп таныды, институт директоры Сергей Уланин оның қызметі туралы есеп берді.

Отырыстқа қатысушылар ТМД Атқару комитетінің 2020 жылға дейінгі кезеңдегі ТМД қатысушы мемлекеттердің экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырудың үшінші кезеңінің іс-шаралар жоспарын орындау туралы ақпаратымен танысты.  

ТМД қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшыларының Консультативтік кеңесі ТМД елдері үкіметтері басшыларының кеңесі атынан ТМД Экономикалық кеңесінің шешімімен 2004 жылғы желтоқсанда құрылды.

Кеңес құрамына ТМД мемлекеттері: Армениия Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы  мемрезервтерін басқарушы ведомстволары басшылары кіреді. Әзербайжан Республикасы, Өзбекстан Республикасы мен Моңғолия бақылаушы мәртебесінде кеңес жұмысына қатысты.

Консультативтік кеңес қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік материалдық резервтердің запастарын қалыптастыру, сақтау және қызмет көрсету мәселелері бойынша, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін, ізгілік көмек көрсету үшін пайдалану, тәжірибе алмасу, сондай-ақ кадрларды кәсіптік даярлау мен біліктілікті арттыру саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі