Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу

2017 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Төрағасы Б.З. Иманәлиев құттықтау сөзімен ашты.

Республикамыздың мемлекеттік материалдық резервтер саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының өнегелі өмірі туралы бейнебаян тамашалады.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі