Адамдардың тағдырындағы соғыс тарихы

2018 жылы 9 мамырда Бейбітшілік және Келісім сарайынің қасынан Отанын фашистік басқыншылардан қорғаған ардагерлерді әр адамны жадына сақтауға арналған «Жау жүрек полк» акциясы басталады.

Бұл қозғалыс жиырма бірінші ғасырдың басында, Ресей Федерациясының әр түрлі қалаларында басталып, ал 2011 жылы Томск қаласында ресми түрде өтіп, халықаралық деңгейге жетті.

Жыл сайын, Қазақстанның әрбір қаласында, майданда жан аямай шайқасқан және тылда ерлікпен жұмыс істеген азаматтарды құрметпен еске алып, қала көшелеріне шығып, соғыс ардагерлерінің туыстары сап құрып өтеді.

Осы қатарда, әкесі мен миллиондаған соғысқа қатысқан адамдарды есіне алу үшін, біздің қызметкеріміз Амантаев Кенжебек Баймұханұлы – «Резерв» РМК«Автоматика» филиалының өртке қарсы қызмет ету бөлімінің командирі, Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюға қатысушы,осы сапта болады.

Оның әкесі Баймұхан Амантаев - Мәскеуді қорғауға қатысушы, кавалерияда құрамында шайқасты. Бірінші рет жараланғаннан кейін қалпына келіп, жазылып 1941 жылы В.И. Ленин атындағы Әскери-саяси училищеде жеделдетілген курстардан өтті. 1942 жылы саяси қолбасшы лауазымына майданға түсті.

Соғыс кезінде саяси қолбасшының рөлі айбындылық, ерлік пен батылдықтың үлгісі болып табылады. Тарнопольдың 302 атқыштар дивизиясының 827 атқыштар полкінің құрамында рота саяси қолбасшысының орынбасары лауазымында ол Солтүстік Кавказ майданында шайқасты. 316-шы Темрюковск атқыштар дивизиясының атқыштар полкінде саяси ұйымдастырушы лауазымында әскери жолын жалғастырды және екінші жарақаттан кейін 246-шы Қызыл Ту Шумск атқыштар дивизиясының 914-ші атқыштар полкінің саяси бөлімінің командирінің орынбасары болып тағайындалды.

Ауыр шайқастар кезінде Баймұхан Амантаев әрдайым майдан шебінде қарша бораған оқ пен, оттың арасында, шабуыл жасап, жеңіске жету үшін жауынгерлерді шабуылға көтеріп. Жеңіске рухтандырды Демалыс саттерынде жауынгерлердің арасында ол үгіт жұмыстарын жүргізіп, оларды жігерлендіретін. Ол өзінің Отанын, туыстарын, үш қызымен бірге әйелін қорғап жүргенін есте ұстап, жаудан азат еткен елді мекендердегі адамдарының бақытты жүздерін көріп қуанатын

1943 жылдың 6 мамырында ержүрек жауынгер ауыр жарақат алды. Ол үйге жіберілу керек еді, бірақ ол бас тартып, жаумен шайқасу үшін әскер қатарында қалды.

1945 жылы ол ауыр жарақат алып, Жеңісті Польша госпиталінде қарсы алды.

Баймұхан Амантаев «Қызыл жұлдыз» орденімен, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кавказды қорғаған үшін» үшін медальдарымен марапаталған.

Бейбітшілік кезеңінде әйгілі батыр, үлкен отбасының әкесі: «Мен өз партиямның және өз Отанымның жауынгерімін», - деп қызмет етті.

Оның ұлы Кенжебек Баймұханбет өз мемуарында: «... Ол әлемнің жартысын жаяу жүріп,еңбектеп өтіп,ерлікпен шайқаста, туған өлкесі мен Еуропаны фашистік езгіден босатты».

Біз сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз! Сіз үнемі Жау жүрек полктің қатарындасыз.

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі