Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ведомство ұжымына ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Ілияс Испановты таныстырды.

 

  Ілияс Испанов 1976 жылы дүниеге келді. Сарыағаш қаласы Қапланбек зоотехникалық - малдәрігерлік техникумын; Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы нарық институтын, Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетін, РФ резиденті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын; Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. «Ақ – бастау» АҚ Сарығаш филиалының бухгалтері, аға маманы, директордың орынбасары, Республикалық бюджеттік банктің Сарыағаш аудандық бөлімінің бастығы, «Темірбанк» ААҚ Шымкент филиалының Сарыағаш қаласының есептік-кассалық бөлімінің меңгерушісі, «Күркелес» ӨК төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1999 - 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.

2002 -2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының көмекшісі.

2003 - 2005 жылдары - Астана қаласы Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары, бірінші орынбасары.

2005 - 2006 жылдары ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитеті төрағасының орынбасары.

2006 - 2007 жылдары - Астана қ. Соттар әкімшісі.

2007 – 2009 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары;бірінші орынбасары.

2009 – 2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының экономика және қаржы департаментінің басшысы.

2010 - 2013 жылдары ҚР Бас прокуратурасының ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры.

2013 - 2016 жылдары – ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

2016 - 2019 жылдары Ақтөбе қаласының әкімі қызметінде болды.

2019 жылдан бастап ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы.

Үйленген, төрт баласы бар.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі