2019 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы тәжікстан тарапына гуманитарлық жүкті ресми тапсыруы рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Тәжікстанға барлығы 83 цистерна, 5000 (бес мың) тонна отындық мазут, жеткізілді.
Қазақстан Республикасы тарапынан ресми өкілдер Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаев пен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының технологиялық қамтамасыз ету және есепке алу басқармасы технологиялық бөлімінің бастығы Әсет Қоқышев гуманитарлық жүкті Тәжікстан Республикасының өкіліне - Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік директорының орынбасары Сохибджон Зиедуллоевке тапсырды.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Асқар Тәжібаев Қазақстан жыл сайын бауырлас Тәжікстан халқына гуманитарлық көмек көрсететінін атап өтті.
- Опубликовано: 16 Июль 2019
- Обновлено: 16 Июль 2019
- Создано: 16 Июль 2019
- Просмотров: 8720