Комитет, «Резерв» РМК және оның филиалдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мәселесі бойынша Агенттік және Комитет қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті

 

 

 

2019 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттік материалдық резервтер саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жойып, оны тударатын себептер мен жағдайлардың алдын алу туралы тапсырмасына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі  Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі - Комитет), «Резерв» РМК және оның филиалдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) төрағасы А.Ж. Шпекбаев пен Комитет төрағасы И.С. Испановтың бірлескен бұйрығын орындау іс-шарасын талқылау үшін Агенттік пен Комитет қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында Комитет төрағасы И.С. Испанов күн тәртібінде Комитеттің, «Резерв» РМК және оның филиалдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу және жұмылдыру резервін сақтайтын мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы екі мәселені атап өтті.

«Жыл басынан бір қатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік материалдық резервтер саласындасы байлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенідігі ағымдағы жылда қозғалған бірқатар қылмыстық істермен дәлелденеді. Осыған байланысты, Комитет қызметінде жемқорлық туғызатын себептерді анықтап, олардың жою жолдарын қарастыру басты міндетіміз» деді А.Қ. Жарова.

Жиналыс қортындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі, нақты жұмыс кестесі әзірленіп, хаттама толтырылды.

 

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі