Осы аптада 17-18 тамызда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы І.С.Испанов жұмыс сапарымен ҚР ҰЭМ ММРК "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына барды.
17 тамызда ол Петропавл қаласына келді. Филиал қызметкерлері мен басшысы еліміздің материалдық резервтерінің сапалы сақталуы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды мәселелерді талқылады.
Осы күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.И.Тасмағанбетовпен кездесу ұйымдастырылды.
Бұдан әрі, 18 тамызда І.С.Испанов Қостанай облысындағы кәсіпорынға барды. Филиал ұжымымен кездесу кезінде қоймаларды техникалық жабдықтау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік,сондай - ақ материалдық құндылықтарды шығару мәселелері қарастырылды.
- Опубликовано: 20 Август 2019
- Обновлено: 21 Август 2019
- Создано: 20 Август 2019
- Просмотров: 8870