Атқарушылық және еңбек тәртібі мәселелері бойынша аппараттық Кеңес

Бүгін ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде комитет төрағасы Ілияс Испановтың төрағалығымен орындаушылық және еңбек тәртібі мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті.

            Кеңеске Комитет пен «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК қызметкерлері қатысты.

            Комитет төрағасы қызметтік этика нормаларын бұлжытпай сақтауға және мемлекеттік қызметкердің имиджін қолдауға, ұжымдардағы жоғары моральдық-адамгершілік атмосфераны қалыптастыруға және сақтауға, азаматтардың мемлекеттік билікке сенімін нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына адал болуға назар аударды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі