Осы күндері Қырғыз Республикасында ТМД–ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшылары кеңесінің XV шақырылымының Консультативтік кеңесінің отырысы өтуде. Айта кету керек, Консультативтік кеңестің негізгі мақсаттарының бірі:
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдарының салалық ынтымақтастығының келісілген қағидаттары мен ережелерін әзірлеу;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мақсаттары мен қағидаттарын іске асыру мүддесінде олардың іс-қимылдарын үйлестіру;
Мемлекеттік материалдық резервтер жүйелерін ғылыми-техникалық дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық .
мемлекеттік резервтердің және т.б. тауар-материалдық құндылықтарының сақталуы мен сапасын бақылау.
Қазақстан Республикасы тарапынан делегацияны ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Ілияс Испанов басқарды.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамыту перспективалары туралы" өз сөзінде Ілияс Испанов мемлекеттік материалдық резерв жүйесінде сапалы тауарлар мен оларды жаңарту мәселелеріне көп көңіл бөлінетінін атап өтті.
Сондай-ақ, Төраға отандық үздік тауар өндірушілерден тауарларды тікелей сатып алуға назар аударды, бұл сапалы және құны бойынша үнемді өнім сатып алуға мүмкіндік туғызады деп атап өтті. .
Қатысушылар материалдық құндылықтарды сақтау саласындағы тәжірибемен бөлісті, материалдық құндылықтарды ұзақ сақтаудың инновациялық әдістерін анықтауға бағытталған ғылыми зерттеулер саласындағы мүмкіндіктер туралы ұсыныстар енгізіліп, баяндамалар тыңдалды.
Консультативтік кеңестің отырыстары жылына кемінде бір рет өткізіледі. Консультативтік кеңестің қызметі ауқымында кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша тақырыптық кеңестер мен консультациялар үнемі өткізіледі.
- Опубликовано: 04 Сентябрь 2019
- Обновлено: 05 Сентябрь 2019
- Создано: 04 Сентябрь 2019
- Просмотров: 9299