Консультативтік кеңес отырысының нәтижесі

2019 жылғы 4-5 қыркүйекте, Чолпон-ата қаласында (Қырғызстан Республикасы) ТМД – ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшылары кеңесінің XV шақырылымының Консультативтік кеңесінің отырысы өтті.

Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қорының төрағасы, Консультациялық кеңесті 2018-2019 жылдары басқарған Қаныбек Айдаров ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есепті берді.

Қырғыз Республикасының жұмылдыру резервімен жұмыс істеу, Қазақстанда мемлекеттік материалдық жүйесін дамыту перспективалары, Беларусь Республикасы мен Монғолияның мемлекеттік резервтегі тауарларды сақтау ерекшеліктері туралы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

            Консультативтік кеңес 2030 жылға дейінгі кезеңге ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қызметінің стратегиялық бағыттарын әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік (атқарушы) билік органдары басшылары кеңесінің XV шақырылымының Консультативтік Кеңесі отырысының нәтижесінде Хаттамаға қол қойылды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі