09 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен "Резерв" РМК ұжымының, мәслихат депутаттарының, "Nur – Otan" партия мүшелерінің, "Nur – Otan" партиясы "Бірлік" филиалының бірінші орынбасары қатысуымен кенесы өтті.
ҰЭМ ҚР Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Испанов Ілияс Сапарбекұлы басшылығымен кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
Кіріспе сөзбен Нұр - Сұлтан қаласының мәслихат депутаты Өмірбаева Рамзия Фаатқызы білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бүгінгі қала мен аймақтардың инфрақұрылымында жобаланып жатқан, салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған объектілерде мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін пандустарды орнату мүмкіндіктері ескерілді.
Президенттің биліктің басты міндеті — "азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін "еститін мемлекеттің" тұжырымдамасын іске асыру туралы сөзін еске салды.
"Nur – Otan" партиясының мүшесі Тұрсынзада Ырза Тұрсынқызы көп балалы аналар осы жылдың қысы мен көктемінде көптеген сөз сөйлеулер кезінде аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға жеңілдік беру мәселелері енгызуды талап еткендеры туралы аитты.
Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу үшін далада өзінің дәстүрлі педагогикасы бар екенін, оның негізінде өз халқының дәстүрлеріне құрмет, кез келген жағдайда қадір-қасиетін сақтау керектігін Ырзада Тұрсынзадақызы атап өтті. Балаларды өз үлгісінде тәрбиелеу қажеттігіне назар аударды.
" Nur – Otan " партиясы "Бірлік" филиалының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов сыбайлас жемқорлық қазақстандық қоғамның алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің жарқын болашағы үшін өте маңызды. Егер біздің әрқайсымыз осы күреске өз үлесімізді қосса, онда біздің қоғам осы проблеманың тамырын бір рет және мәңгілікке кесе алады.
Бұдан әрі ҚР ҰЭМ ММРК персоналды басқару және құжат айналымы қызметінің басшысы Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы орындаушылық және еңбек тәртібі туралы сөз сөйледі.
Ұжымдағы талқылау кезінде мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру және сапалы жұмыс істейтін қызметкерлерді материалдық ынталандыру үшін мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқарту мәселесіне назар аударылды.
Президенттің Жолдауында әлеуметтік және экономикалық мәселелер ғана емес, қазақстандықтардың рухани Гүлдену мәселелері де айқын көрсетілген.
Кездесуді қорытындылай келе, қызметкерлер Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қосқан үлесіне байланысты екенін атап өтті.
- Опубликовано: 10 Сентябрь 2019
- Обновлено: 13 Сентябрь 2019
- Создано: 10 Сентябрь 2019
- Просмотров: 8951