2019 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан халқының Тілдері күніне орай салтанатты  жиын өткізілді.

Жиынды  «РЕЗЕРВ» РМК Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы Ә.Қ.Уәлиев құттықтау сөзімен ашты. Қызметкерлер Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл бөлімінің бас маманы А.Ы.Долдинаның  «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері туралы ақпарат» тақырыбында оқыған дәрісін қызыға тыңдады.

Дәріс соңы қызметкерлердің мақал-мәтелдер бойынша көңілді сайысына ұласты, қазақ-орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерді ең көп білетін және оны орынды пайдалана алған жүлдегерлер естелік сыйлықтарға ие болды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі