Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде салтанатты жиналыс өтті

 

Комитет төрағасы мен "Резерв" РМК бас директоры мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ұжымын еліміздің маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

Біздің қазақстандықтар үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - егемен еліміздің тарихында өте маңызды күн, бұл Жалпыұлттық бірлік күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген, сындарлы саясатының арқасында еліміз өз тәуелсіздігін нығайтты және дамудың барлық салаларында жоғары өсуге қол жеткізді. -  деп атап өтті Төраға Ілияс Испанов.

         Іс-шара «Тәуелсіздік дәуірінің көшбасшысы» деректі фильмін қарап, мемлекеттік қызметте еңбек жолын бастаған мамандардың салтанатты түрде ант беруімен және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытуға үлес қосқан комитет қызметкерлеріне ҚР Ұлттық экономика министрінің алғыс хаттарымен марапатталумен аяқталды.

 

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі