Ағымдағы жылғы 11 желтоқсанда аппарат кеңесінде Комитет төрағасы Ілияс Испанов Комитет және "Резерв" РМК ұжымына өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.
Бұл лауазымға бұрын БҚО әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген Алмас Әбжаппаров тағайындалды.
Өзінің еңбек жолын 1993 жылы "APBEA Col td" ЖШС директоры ретінде бастаған . Мемлекеттік қызметке 2000 жылы Астана қапасы бойынша Бас кеден басқармасының Кеден күзеті және режимі басқармасының инспекторы болып қабылданды. Кейін кеден органында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2016-2017 жылдары Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы ретінде жұмыс атқарды. 2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
- Опубликовано: 13 Декабрь 2019
- Обновлено: 13 Декабрь 2019
- Создано: 13 Декабрь 2019
- Просмотров: 8292