«Жаңарту және броньннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысы

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

К.Мәсімов

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2014 жылғы 17 қазандағы
  № 1108 қаулысымен
  бекітілген

 

 

Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік әсер ету, босқындарға көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне үшін шығару жағдайларын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағында айқындалған жағдайларды шығаруды қоспағанда, жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды тендер нысанында шығару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кесімді баға - тендерлік комиссия айқындаған және тендер өткізу туралы хабарламада жарияланған материалдық құндылықтардың бір бірлігі үшін бастапқы баға;

      2) мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі - ведомстволық бағынысты ұйым) - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу жоспары - мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жеткізуді, сақтауды және шығаруды реттейтін құжат (бұдан әрі - Операция жүргізу жоспары);

      4) өтінім бағасы - тендерлік өтінімде көрсетілген материалдық құндылыққа үміткер ұсынатын бағасы;

      5) тендер - осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудың нысаны;

      6) тендерлік комиссия - тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін тендерді ұйымдастырушы құрған комиссия;

      7) тендерлік өтінім - мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуды жүзеге асыруға оның келісім беруінің нысаны болып табылатын үміткердің тендерлік ұсынысы;

      8) тендерді ұйымдастырушы – мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резерв саласындағы ведомство;

      9) үміткер - тендерге қатысуға тілек білдірген жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       3. Жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару Операция жүргізу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды кейіннен салмай броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

      Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару кейіннен салына отырып жүзеге асырылады.

2. Тендерді өткізу тәртібі

      4. Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тендерлік комиссияның мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде бес адамды құрайды.

      Тендерлік комиссияның төрағасы тендерді ұйымдастырушының басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуға тиіс.

      5. Тендерлік комиссия қызметіне төраға басшылық жасайды, ол:

      1) тендерлік комиссия жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды;

      2) тендерлік комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

      3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      6. Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс бермейді.

      Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлерді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тендерді ұйымдастырушының лауазымды тұлғалардың қатарынан айқындалады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       7. Тендерлік комиссияның хатшысы:

      1) тендерлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді;

      3) тендерге қатысуға түскен өтінімдерді тіркеуді жүргізеді;

      4) тендерлік комиссия отырысының хаттамалық шешімін ресімдейді;

      5) тендерді дайындау және өткізу құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      6) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      8. Тендерлік комиссия:

      1) өз жүмысының регламентін әзірлейді, оны тендерді ұйымдастырушының басшысы бекітеді;

      2) тендер өткізу туралы хабарламаны бекітеді;

      3) сатылатын материалдық құндылықтар бойынша лоттарды бекітеді;

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      5) тендерге қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарайды;

      6) тендер өткізеді және ол бойынша шешім шығарады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       9. Тендерді ұйымдастырушы тендер өткізу туралы хабарлама бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ үміткерлердің тендерге қатысуға өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында тендер өткізу туралы хабарлама мәтінін орналастырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       10. Тендер өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:

      1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерін;

      2) тендердің өткізілетін орнын, күнін және уақытын (тендерлер өткізілетін бір үздіксіз кезеңді көрсетуге рұқсат етіледі), сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімдерді беретін орын мен мерзімді;

      3) номенклатураны, ең аз көлемді, қосылған құнға салынатын салық ескерілген немесе ескерілмеген кесімді бағаны, материалдық құндылықтардың ақысын төлеу мерзімін, материалдық құндылықтарды әкету мерзімін және материалдық құндылықтардың орналасқан жерін қамтитын материалдық құндылық туралы мәліметтерді;

      4) тендерге қатысуға өтінімді енгізу шарттары мен қамтамасыз ету түрлерін;

      5) нәтижелерді жариялау тәртібі мен мерзімін;

      6) тендерді ұйымдастырушының оны өткізуден бас тарту тәртібін қамтиды.

      11. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын тендерге қатысуға ниет білдірген жеке тұлғаның тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімді;

      2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібіне сәйкес берілетін банк кепілдігі түрінде осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не ведомстволық бағынысты ұйымның банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын қамтуға тиіс.

      12. Тендерге қатысуға ниет білдірген дара кәсіпкердің тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімді;

      2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      3) мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібіне сәйкес берілетін банк кепілдігі түрінде осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не ведомстволық бағынысты ұйымның банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын қамтуға тиіс.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       13. Тендерге қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның тендерді ұйымдастырушыға ұсынатын тендерге қатысуға өтінімі мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімді;

      2) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      Егер заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда тендерге қатысуға өтінім заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініштің көшірмесін қамтуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының резидент еместері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмені ұсынады;

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық үкімет порталы арқылы алынған жағдайда, ол нотариат куәландырылған анықтама көшірмесімен бірдей қабылданады;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үміткердің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы үміткерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтамасының түпнұсқасын (егер үміткер екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы үміткердің тендерлік өтінімінен бас тартуға негіз болып табылмайды;

      5) егер тендерлік өтінімге заңды тұлғаның басшысы емес, басқа адам қол қойған жағдайда - уәкілетті адамға берген сенімхатты, уәкілетті адамның жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібіне сәйкес берілетін банк кепілдігі түрінде осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не ведомстволық бағынысты ұйымның банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжатының түпнұсқасын қамтуға тиіс.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       14. Тендерге қатысуға өтінім үміткердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.

      15. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету лот сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Банк кепілдігі ведомствоның сатып алу-сату шартын тіркегенге дейін қолданылады және егер екінші деңгейдегі банк сатып алу-сату шартын орындау мерзімі аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жазбаша талап алмаса, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       16. Тендерді өткізу кезінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ведомстволық бағынысты ұйымның есептік шотына түсуге тиіс.

      Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің түсу фактісі ведомстволық бағынысты ұйымның "банк-клиент" ақпараттық жүйесінен үзіндімен расталады.

      Тендер өткізу басталғаннан кейін тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету түрінде түскен қаражат үміткердің жазбаша талабы бойынша қайтарылады.

      17. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзінің:

      1) тендерге қатысуға өтінімін мүндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынының не өзгертпейтінінің және (немесе) толықтырмайтынының;

      2) оны тендер жеңімпазы деп белгілеген жағдайда тендерді ұйымдастырушымен сатып алу-сату шартын жасайтынының;

      3) онымен сатып алу-сату шарты жасалған жағдайда сатып алу-сату шартының талаптарын тиісті түрде орындайтынының кепілі ретінде енгізеді.

      18. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) ведомстволық бағынысты ұйымның банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банктік кепілдікті таңдайды.

      Үміткердің тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Тендерді ұйымдастырушының осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, үміткер енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      19. Тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) үміткер тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға мұндай өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

      2) тендер жеңімпазы деп айқындалған үміткер сатып алу-сату шартын жасасудан жалтарса;

      3) тендер жеңімпазы сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиісінше орындамаса қайтармайды. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалу тендер жеңімпазын сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаудан босатпайды.

      Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.

      20. Тендерді ұйымдастырушы үміткерге ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

      1) осы үміткер өзінің тендерге қатысуға өтінімін тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Осы тармақша тендер жеңімпазы деп айқындалған үміткерге қолданылмайды;

      3) тендерді ұйымдастырушы тендер өткізуден бас тартқан жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтаруды қамтамасыз етеді.

      21. Тендерге қатысуға өтінімді үміткер тендерді ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түрде береді және соңғы парағы оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.

      Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       22. Тендерлік өтінімнің нысаны басып шығарылады немесе өшірілмейтін сиямен жазылады, үміткердің қолы қойылады және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.

      23. Тендерлік өтінімде жол арасында қосымшалар, өшірулер және қоса жазулар, сондай-ақ арифметикалық қателер болмауға тиіс.

      24. Тендерлік өтінімде үміткер лот нөмірін, материалдық құндылықтың атауын, мөлшерін, өлшем бірлігін, бағасын, материалдық құндылық үшін жалпы соманы, төлеу және материалдық құндылықты әкету мерзімін көрсетеді.

      25. Тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасы конвертке салынады және тендерлік комиссияның отырысында ашылады.

      26. Берілетін ақпараттың толықтығы үміткердің мүмкіндіктерін растайтын құжаттарды тендерлік комиссия қараған кезде белгіленеді. Тендерге қатысуға енгізілген өтінім өзгертуге жатпайды.

      27. Тендерлік комиссияның хатшысы үміткердің атауы, мекенжайы, телефон нөмірі, тендерге қатысуға өтінімді ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты, өтінімнің түскен күні және уақыты көрсетілген тендерге қатысуға үміткерлерді тіркеу журналын жүргізеді.

      28. Тендерге үміткерлерді тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен басталады және тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы күні сағат 18.00-де аяқталады.

      29. Тендерге қатысуға қажетті құжаттар топтамасы журналда тіркелгеннен кейін тендер өткізілетін күнге дейін тендерлік комиссия хатшысының арнайы сейфінде сақталады.

      30. Үміткер тендер басталардан кемінде бір сағат бұрын оған қатысудан бас тарта алады.

      31. Тендерді өткізгенге дейін үміткер материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен материалдық құндылықтардың техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізе алады. Мұндай сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстар үміткерге жүктеледі.

      Сараптама жүргізу үшін үміткер:

      1) сынама алу үшін сараптама жүргізуге қажетті материалдық құндылықтардың атауын және орналасқан жерін қамтитын тендерді ұйымдастырушыға хатын;

      2) материалдық құндылықтардың техникалық регламенттерде немесе стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау бойынша ресімдерді жүргізу үшін материалдық құндылықтардың қажетті мөлшерін ұсыну туралы сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген заңды тұлғаның хатын;

      3) сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемі үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасының көшірмесін ұсынады.

      Сараптамаға арналған материалдық құндылықтардың көлемі үшін төлем алынғаннан кейін ведомство мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға наряд жазып береді.

      Наряд негізінде үміткер сараптама жүргізу үшін өз хатында көрсетілген сақтау пунктінен материалдық құндылықтарды алады.

      Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       32. Тендер өткізу мерзімділігін тендерлік комиссия айқындайды және тендерлік комиссия отырысының хаттамасында белгілейді.

      33. Тендерлік комиссияның отырыстары тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі және тендерлік комиссияның қатысқан мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Тендерлік комиссия мүшесі болмаған жағдайда, тендерлік комиссия отырысының хаттамасында оның болмауы себебі көрсетіледі.

      Тендерлік комиссияның отырысы оның төрағасы не төрағаның орынбасары қатысқан жағдайда ғана өткізіледі.

      34. Тендерлік комиссияның отырысы үміткерлердің қатысуынсыз өтеді.

      35. Бір ғана үміткердің болуы тендер өткізілмеді деп тануға негіз болмайды.

      36. Тендерде өтінімдер қаралады және үміткерлердің ұсыныстары жарияланады. Тендерлік комиссия үміткерлердің ұсыныстарын талдаудан және бағалаудан кейін, бастапқылармен салыстырғанда шарт жасасудың қолайлы жағдайларын ұсынған жеңімпазды айқындайды.

      37. Егер алдында тендер жеңімпазы деп танылған үміткер сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан не сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда, онда үміткер шарт жасасудан бас тартқан немесе міндеттемелерін орындамаған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай бойы тендерге қатысуға жіберілмейді.

      38. Тендерлік комиссия:

      1) тендерге қатысуға өтінім осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес келмеген;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға (жеке тұлға үшін), 2-қосымшаға (дара кәсіпкер үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлға үшін) сәйкес тендерлік өтінімді ұсынбаған;

      3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған;

      4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерліктерін беру тәртібінің талаптарын бұза отырып берілген банк кепілдігін үсынған;

      5) тендер өткізу кезінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген;

      6) банк немесе банк филиалы анықтамасының қол қойылған және мөрі бар түннұсқасында үміткердің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі болған;

      7) Осы Қағидалардың 1112 және 13-тармақтарында көзделген толық емес немесе дәйексіз ақпарат ұсынған;

      8) үміткердің ұсынған бағасы кесімді бағадан төмен болған;

      9) тендерлік өтінімде көрсетілген материалдық құндылықтардың көлемі тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілгеннен төмен болған;

      10) тендерлік өтінімде көрсетілген материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу мерзімі, материалдық құндылықтарды әкету мерзімі тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілгеннен жоғары болған;

      11) тендерлік өтінімде көрсетілген бағалар мен мерзімдердің сандық мәні оның мәтіндік бөлігіне сәйкес келмеген;

      12) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасымен бірге тігілген жағдайларда үміткердің тендерге қатысуға өтінімін қабылдамайды.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       39. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау кезінде неғұрлым жоғары өтінім бағасын ұсынған өтінімдер қанағаттандырылады.

      Өтінім бағалары бірдей болған кезде аз төлеу мерзімін ұсынған үміткер жеңімпаз деп танылады.

      Өтінім бағалары және төлеу мерзімі бірдей болған кезде, тендерге қатысуға өтінімі тіркеу журналына басқа үміткерлерден бұрын енгізілген үміткер жеңімпаз деп танылады.

      40. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған қатысқан тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

      Дауыстар тең болған жағдайда тендерлік комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

      Тендерлік комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, тендерлік комиссияның кез келген мүшесі өз қалауы бойынша жазбаша түрде жазылатын және тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қоса берілетін ерекше пікір білдіреді.

      41. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап бір ай ішінде сатылмаған жағдайда тендерлік комиссия лоттың кесімді бағасын кезең-кезеңімен төмендету туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, лоттың кесімді бағасын қадамдық өзгерту тендерлік комиссияның ағымдағы отырысында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

       42. Лоттың кесімді бағасын қадамдық өзгерту 10 %-ды құрайды, бірақ оның бастапқы кесімді бағасының 50 %-нан төмен болмауы керек.

      43. Тендерге қатысуға өтінімдердің болмауы тендерге қатысуға үміткерлерді тіркеу журналымен расталады.

      44. Лоттың кесімді бағасы төмендетілген кезде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      45. Тендер нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тендерлік комиссияның шешіміне үміткерлер сот тәртібімен шағым жасай алады.

      46. Тендер қорытындысы хаттама түрінде ресімделеді. Тендер қорытындысы туралы хаттама тендер өткізілген күні жасалады және онда әр үміткер бойынша тендерлік комиссияның шешімі көрсетіледі.

      47. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері туралы хабарламаны тендер өткізген күннен бастап 1 (бір) тәулік ішінде тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.

      48. Тендер жеңімпазы тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендерді ұйымдастырушымен шарт жасасады.

      49. Сатып алу-сатудың үлгілік шартының жобасы тендерді ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады.

      50. Сатып алу-сату шарты тендерді ұйымдастырушы мен тендер жеңімпазы көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық және тиісті орындаған жағдайда орындалды деп саналады.

      51. Тендерді ұйымдастырушы тендер жеңімпазына ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді сатып алу-сату шартының талаптарын толық және тиісті орындағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      52. Жеңімпаз көрсетілген мерзімде шарт жасасу үшін келмеген жағдайда осы жеңімпазға қатысты тендерлік комиссияның шешімі жоққа шығарылады.

 

 

 

  Жаңарту және броньнан шығару
  тәртібімен мемлекеттік
  материалдық
  резервтен материалдық
  құндылықтарды
  шығару қағидаларына
  1-қосымша

 

 

Тендерлік өтінім*

      _________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың деректері)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет білдіреді және

      _____________________________________________________________________________

      (лот нөмірі, атауы, мөлшері, өлшем бірлігі, ұсынған баға, материалдык құндылық үшін жалпы сомасы)

      _____________________________________________________________________________

      ________________________________________ сатып алуды жүзеге асыруды ұсынады.

      Материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу мерзімі ______________________________

      Материалдық құндылықтарды әкету мерзімі ___________________________________

      Біздің тендерлік өтінімді тендерлік комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды сатып алу-сату туралы шарт жасауға міндеттенеміз.

      Сатып алынатын материалдық құндылықтардың сапасы бойынша наразылығымыз жоқ.

      Қағидалардың 31-тармағына сәйкес материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізілген жағдайда, тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген материалдык құндылықтардың көлемінің азаюына наразылығымыз жоқ.

      Сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

      Пошталық мекенжай: ________________________________;

      (индекс, облыс, қала, көше үйдің №, пәтер №)

      Телефон, факс:____________________;

      Банк деректемелері:________________;

      Т.А.Ә., қолы:______________________;

      Өтінім толтырылған күн М.О. (бар болса)

      *Көрсетілген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөртаңба бедері міндетті, болмаса өтінім жарамсыз деп саналады.

 

 

 

  Жаңарту және броньнан шығару
  тәртібімен мемлекеттік
  материалдық
  резервтен материалдық
  құндылықтарды
  шығару қағидаларына
  2-қосымша

 

 

Тендерлік өтінім*

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың деректері)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет білдіреді және

      _____________________________________________________________________________

      (лот нөмірі, атауы, мөлшері, өлшем бірлігі, ұсынған баға, материалдык құндылық үшін жалпы сомасы)

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _________________________________________ сатып алуды жүзеге асыруды ұсынады.

      Материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу мерзімі ______________________________

      Материалдық құндылықтарды әкету мерзімі ____________________________________

      Біздің тендерлік өтінімді тендерлік комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды сатып алу-сату туралы шарт жасауға міндеттенеміз.

      Сатып алынатын материалдық құндылықтардың сапасы бойынша наразылығымыз жоқ.

      Қағидалардың 31-тармағына сәйкес материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізілген жағдайда, тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген материалдық құндылықтардың көлемінің азаюына наразылығымыз жоқ.

      Сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

      Пошталық мекенжай: ________________________________;

      (индекс, облыс, қала, көше үйдің №, пәтер №)

      Телефон, факс:____________________;

      Банк деректемелері:________________;

      Т.А.Ә., қолы:______________________;

      Өтінім толтырылған күн М.О. (бар болса)

      *Көрсетілген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөртаңба бедері міндетті, болмаса өтінім жарамсыз деп саналады.

 

 

 

  Жаңарту және броньнан шығару
  тәртібімен мемлекеттік
  материалдық резервтен
  материалдық құндылықтарды
  шығару қағидаларына
  3-қосымша

 

 

Тендерлік өтінім*

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың деректері)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет білдіреді және

      _____________________________________________________________________________

      (лот нөмірі, атауы, мөлшері, өлшем бірлігі, ұсынған баға, материалдык құндылық үшін жалпы сомасы)

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _________________________________________ сатып алуды жүзеге асыруды ұсынады.

      Материалдық құндылықтар үшін ақы төлеу мерзімі ____________________________

      Материалдық құндылықтарды әкету мерзімі __________________________________

      Біздің тендерлік өтінімді тендерлік комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды сатып алу-сату туралы шарт жасауға міндеттенеміз.

      Сатып алынатын материалдық құндылықтардың сапасы бойынша наразылығымыз жоқ.

      Қағидалардың 31-тармағына сәйкес материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізілген жағдайда, тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген материалдык құндылықтардың көлемінің азаюына наразылығымыз жоқ.

      Сондай-ақ тендерге қатысуға өтінімде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.

      Пошталық мекенжай: ________________________________;

      (индекс, облыс, қала, көше үйдің №, пәтер №)

      Телефон, факс:____________________;

      Банк деректемелері:________________;

      Т.А.Ә., қолы:______________________;

      Өтінім толтырылған күн М.О. (бар болса)

      *Көрсетілген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөртаңба бедері міндетті, болмаса өтінім жарамсыз деп саналады.

 

 

 

  Жаңарту және броньнан шығару
  тәртібімен мемлекеттік
  материалдық резервтен
  материалдық құндылықтарды
  шығару қағидаларына
  4-қосымша

 

 

 

       Нысан

Берешектің жоқтығы туралы анықтама

      Банк (атауы) _____________________________ жағдай бойынша осы банкте қызмет көрсетілетін (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, ЖСН, БСК, БСН және т.б. көрсетілсін) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жок екенін растайды.

      Күні

      Қолы

      М.О.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі