Жеке тағам рационын таңдау кезінде жалпы тұжырымдаманы әзірлеу бойынша кеңейтілген мәжіліс туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі – Комитет) ағымдағы жылдың 25 маусымында жеке тағам рационын таңдау кезінде жалпы тұжырымдаманы әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы мүдделі мемлекеттік органдары – Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, бейінді ғылым-білім мекемелері – «Қазақ тағамтану академиясы» АҚ, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «КазАгроИнновация» АҚ, «Қазақ тағам және өңдеу өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазақ ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және жеке тағам рационын отандық өндірушісі – «Семей ет комбинаты» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжілісті өткізді.
Өзінің кіріспе сөзінде Комитет Төрағасының орынбасары А.Т. Қадырбеков апаттан кейінгі бірінші күндері тіршілікті қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешу үшін мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасын кеңейту, материалдық құндылықтардың қорын қалыптастыру мақсатында жеке тағам рационының бір түрін пайдалану, заман талаптарына сай отандық жеке тағам рационын жетілдіру қажеттілігіне ерекше көңіл аударды.
Мәжіліс барысында отандық және шетелдік өндірудің жеке тағам рациондарын қолдану, жай халыққа арналған жалпы әскери жеке тағам рационын, олардың нормаларын бекітетін нормативтік құқықтық актілерін қолдану мүмкіндігі, жеке тағам рационын өндіру заманауи технологиялары, отандық ғылыми ұйымдардың өндіру технологияларын жетілдіру саласындағы бар дайындамаларының мәселелері қарастырылды.
Жеке тағам рационы бойынша өзекті мәселелерді талқылау нәтижесінде оларды мемлекеттік материалдық резервке салу қажеттілігі қолдау тапты, жетілдіруді талап ететін жеке тағам рационының сипаттамалары белгіленді, ғылыми ұйымдарға нәрлілік құндылығын сақтай отырып сақтау мерзімдерін арттыру үшін жеке тағам рационын өндірудің заманауи технологияларын (жоғары қысыммен өңдеу, радиациялық өңдеу және сублимациялық кептіру) қолдану арқылы зерттеулер жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі