Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 22 қаңтардағы №582 Жарлығымен Қазақстан Республикасының министрлері кабинетінің жанынан Мемлекеттік материалдық резертер комитеті құрылды.
30 жылда мемлекеттік резерв жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады, сонымен бірге елдің негізгі қорларын сақтау үшін тауарлар мен материалдарды ұзақ уақыт сақтау функцияларын сақтай отырып, мемлекеттік резервте салынған материалдардың номенклатурасы едәуір артты.
Мемлекеттік резерв жүйесі ел аумағындағы дүлей зілзалалар мен техногендік апаттардың салдарын жою жөніндегі кезек күттірмейтін жұмыстарды қажетті тауарлармен және материалдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК міндеттерінің бірі материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, қоймаға қою және шығару бойынша осы бағыттағы негізгі жұмысты технолог-мамандар жүзеге асырады. Сонымен қатар олардың сандық, сапалық сақталуын және қойма есебінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
«Резерв» РМК технолог-мамандардың біліктілігін арттыруға үлкен көңіл бөледі. Мәселен, 2021 жылдың қазан айында «Резерв» РМК филиалдарының 13 технологы «Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды ұзақ уақыт сақтау технологиясы», «Мұнай өнімдерін ұзақ уақыт сақтау технологиясы» және «ТЖ салдарын жоюға арналған материалдарды ұзақ уақыт сақтау технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша Ресей Федерациясының Мемлекеттік резервтер федералды агенттігінің Торжок политехникалық колледжінің федералды мемлекеттік бюджеттік кәсіби білім беру мекемесінде біліктілігін арттырды.
«Резерв» РМК негізгі функцияларының бірі тауарлық-материалдық құндылықтарды шығару болып табылады, оған технолог-мамандар тікелей қатысады.
Мәселен, 2021 жылы мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар: арнайы және автомобиль техникасы, тіршілікті қамтамасыз ету құралдары, арнайы киім, ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтары шығарылды. Оларды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен әскери бөлімдері, сондай-ақ Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою үшін пайдаланды.
Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және шығару жүйесінің табысты жұмыс істеуі, сөзсіз, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлерінің көп жылғы еңбегінің нәтижесі болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша көп жылдық және адал еңбегі үшін «Резерв» РМК орталық аппараттың 3 қызметкері және филиалдарының 12 қызметкері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің және «Резерв» РМК Бас директорының ведомстволық наградаларымен марапатталды.
- Опубликовано: 10 Февраль 2022
- Обновлено: 10 Февраль 2022
- Создано: 10 Февраль 2022
- Просмотров: 586