«Резерв» РМК-да 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күнін мерекелеу құрметіне салтанатты жиналыс өткізілді, «Резерв» РМК Бас директоры Андрей Достаевич Каскеленов ұжымның ерлер азаматтарын мерекемен құттықтады. ҚР ТЖМ ведомстволық наградаларын, сондай-ақ Кәсіпорын Бас директорының грамоталары мен алғыстарын орталық аппарат және «Автоматика» филиалының жұмыскерлеріне табыстады.
А.Д. Каскеленов құттықтау сөзінде аға буын зардабымен қол жеткізілген Жеңістің маңыздылығын, бізге бейбіт өмір сүруге, жұмыс істеуге, сүюге, балалар мен немерелердің қызығын көруге мүмкіндік бергенін атап өтті. Бұл мереке халқымыздың батырлығының, оның қажымас табандылығы мен биік рухының символына айналды. Аға буынның өз Отанының тағдырына ұқыпты қарауы баршаға патриотизм мен халықтық сенім күшінің жарқын үлгісі болуға тиіс.
- Опубликовано: 08 Май 2025
- Обновлено: 13 Май 2025
- Создано: 08 Май 2025
- Просмотров: 8