«Резерв» РМК 17 тамыз – Спорт күнін мерекелеуге орай іс-шара өткізді

 

 

         Өскелең ұрпаққа қазақстандық спортшылардың жетістіктерін көрсетуге, спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықты оятуға арналған мереке. «Резерв» РМК ұжымда спортты дамыту, оны жастар арасында кеңінен насихаттау мәселесіне көп көңіл бөлуде. Спорт – ұлттың рухын көтеретін күш. «Резерв» РМК қызметкерлері спортпен белсенді айналысады.

Спорт күнін мерекелеуге орай «Резерв» РМК орталық аппаратында және филиалдарында үстел теннисі, волейбол, тоғыз құмалақ, асық атудан спорттық жарыстар өткізілді. Бұл жарыстарға «Резерв» РМК командасы белсенді қатысты. Жеңімпаздар ақшалай ынталандырулармен марапатталды. 

«Резерв» РМК басшылығы өз қызметкерлерінің физикалық денсаулығына ерекше көңіл бөліп, спортпен шұғылдануға барлық жағдайды жасаған. Ғимаратта заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған спорт залы, жаттығу залы, йога залы бар. Жұмысшылар мұндай жағдайда спортпен шұғылданғанды ұнатады, сол арқылы олардың төзімділігі, үйлесімділігі, күші мен ептілігі дамып, тәртіп пен табандылық дамиды.