Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай бүкіл ел бойынша «30 игі іс» - қайырымдылық акциясы өтуде. Бұл бастаманың маңызды сәттерінің бірі өз еркімен қан тапсыру акциясы болды.
«Донор бол, өмір сыйла!» - ұранымен «Резерв» РМК-ның 20 қызметкері қайырымдылық акциясына қатысып, өз еркімен қан тапсырды.
Іс-шараға қатысқысы келетіндердің барлығы толық медициналық тексеруден өтті: қант деңгейін, гемоглобин көрсеткішін анықтау, қысымды өлшеу және аурулардың бар-жоғын тексеру, содан кейін ғана әлеуетті донорлар қан тапсыруға жіберілді.
Донорлық – бұл асыл іс және оған мұқтаж бейтаныс адамға өз қанын беру және оның өмірін сақтау мүмкіндігі, сонымен қатар қан түзуді ынталандыру арқылы донордың өзіне пайда әкеледі.
- Опубликовано: 15 Сентябрь 2025
- Обновлено: 15 Сентябрь 2025
- Создано: 15 Сентябрь 2025
- Просмотров: 20