«Резерв» РМК ұжымында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына және мемлекеттік материалдық резерв қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті

«Резерв» РМК ұжымында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және мемлекеттік материалдық резерв қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ұжымның жетістіктері, қызметкерлердің мемлекеттік материалдық резерв жүйесін дамытуға және еліміздің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға қосқан үлестері атап өтілді.

Басшылық қызметкерлердің адал еңбегі, жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді. Салтанатты жиында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік іс-шара көңілді шоу-бағдарламамен жалғасып, ұжымда көтеріңкі көңіл-күй мен бірліктің рухын қалыптастырды.

 

Іс-шара жылы және достық атмосферада өтіп, «Резерв» РМК құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерін біріктірді