"Резерв" РМК "Заря" филиалының қызметкері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік наградасымен марапатталды

                 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Заря» филиалы РМҚ «Резерв» қызметкері — Прошкина Ирина Ивановнаның еңбегін жоғары бағалап, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапаттады.

Ирина Ивановна 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. Мемлекеттік материалдық резерв жүйесінде 1987 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Салада 40 жылдан астам, оның ішінде 38 жылын «Заря» филиалында еңбек еткен.

Ол өз ісінің шебері, жоғары білікті, жауапкершілігі мол және бастамашыл маман ретінде танылған. Ағызу-құю операциялары мен технологиялық жабдықтарды қызмет көрсету саласында мол тәжірибе мен терең білімге ие.

Жұмыс тәртібін қатаң сақтап, ұқыптылығымен және өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесімен ерекшеленеді. Әріптестері оны еңбекқор, адал және әрқашан көмектесуге дайын адам ретінде сипаттайды.

Көп жылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Ирина Ивановна Прошкина Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен марапатталды.