ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН БИЗНЕС ҚҰРЛЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ!
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің
«РЕЗЕРВ» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік («МЖӘ») механизмі бойынша Сіздің бизнесіңізді АСТАНА және АЛМАТЫ қалаларындағы нысандар базасында дамытуға бірлесіп жұмыс істеуді ұсынады
Жобаларды жүзеге асыру бойынша Сіздің бастамаңызды ӨЗАРА ТИІМДІ жағдайларда қарауға біз дайынбыз.
МЖӘ саласындағы заңнамалық базасы:
-
«Мемлекеттік-жеке әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ. ҚР Заңы;
-
2015 жылғы 25 қарашасындағы № 725 Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушымен бекітілген «МЖӘ жоспарлау және жобаны іске асыру ережелері».
Заңның 9 бабына сәйкес, МЖӘ субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;
5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;
6) қолжетімділік үшін төлемақы.
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті Контракты қарастырып (Заңның 7 бабы), мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартын, оның ішінде мынадай түрлерін :
1) концессия;
2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару;
3) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу);
4) лизинг;
5) технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар;
6) өмірлік цикл келісімшарты (МЖӘ келісім-шарты, жоспарлау, құрылыс, құру, реконструкциялау, модернизациялау және пайдалану (жөндеу жұмыстары мен ұстауды қоса), сонымен қатар мерзім барысында МЖӘ нысандарын тиісті жағдайда пайдалану- техникасында ұстау МЖӘ келісім-шарт негізінде қарастырылады);
7) сервистік келісімшарт (МЖӘ келісім-шарты, МЖӘ жобасын жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер, сонымен қатар мерзім барысында ерекшеліктерді ескере кете Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жүзеге асады);
8) Келісім-шарт кезінде мем.мүлікті жалға алу мүмкіндігінше пайдалану, өмірлік цикл келісімшарты және сервистік келісімшарт негізінде жасақталады.
Заңның 9 бабы, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру:
1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат;
3) мемлекеттік бюджет қаражаты;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Заңның 4 бабына сәйкес МЖӘ жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі ерекшеліктеріне қарай 3 жылдан 30 жылға дейін.
НЫСАНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
1. «АВТОМАТИКА» ФИЛИАЛЫ
Орналасқан жері: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Шортанды тас жолы, 3.
Байланыс тұлғасы: Солтанов Қайрат Әмірұлы, тел. (7172)374186, ұялы тел. 87021908846, 87776004005.
Нысанның жалпы аумағы: 28 га
Объектінің мақсаты: Жанар-жағармайды қабылдау, сақтау және жөнелту.
Материалдық-техникалық база.
Негізгі өндірістік объектілер:
-
Резервуарлық парк құрамы 26 резервуар, оның ішінде:
РВС-10000м3 – 18 дана, РВС-3000м3 – 8 дана;
-
Өнім сорғы станциясы темір жол цистерналарына құю-құйып алу эстакадасымен.
-
Авто құю сорғы станциясы, автокөлікке құю алаңымен.
Қосалқы объектілер және техника:
-
Әкімшілік және тұрмыстық корпус (сапаны бақылау зертханасы);
-
Гараждар – 2 дана 5 және 3 көлікке арналған;
-
Қазандық дизель отын жағатын екі қазандықтармен;
-
Қойма үй-жайлары;
-
Инженерлік коммуникациялар, соның ішінде: орталық су қамтамасыз ету және канализацияны қоса алғандағы басты және резервті желілер тартылған трансформаторлық қосалқы станциядан қуаттылығы 10 кВТ болатын, 1 санаттағы электрмен қамтамасыз ету, өртке қарсы сумен және резервуарлар;
-
Темір жол, ұзындығы 1,6 км;
-
Автожолдар, қатты жабынды 3 км.
-
Техника: автожүккөтергіш (шөміш 2 м3), суды соруға арналған автокөлік ГАЗ-3307 базасында, жүк автокөлігі ГАЗ-3307, бензовоз 6м3 ЗИЛ-130 базасында, дизельдік қазандықты мобильді бу генераторы.
Объект ҚР ІІМ АКҚБ күзетеді. Филиал аумағы қоршалған БӨП бар және күзет сигналы жүйесімен қамтылған.
3 өрт сөндіруші автомобильмен, жарақтармен және жабдықтармен қамтылған, филиалдың өртке қарсы қызмет жауынгерлік есеп-топ тәулік бойына кезекшілік жүргізеді.
Ұсынылатын МЖӘ негізінгі әріптестік жүргізу нұсқалары:
-
Жеке әріптес РВС-3000м3 – 4 дана, РВС-10000 м3 – 11 дана мұнай өнімдерін сақтауға арналған бос резервуарларын толық және жартылай пайдалануға қабылдайды. Осы мақсатта өз қаржысына:
- қабылданған резервуарларды техникалық зерттеу, диагностикалау, сонымен қатар жөндеу жұмыстарын және қайта бейіндеу (қажет болған жағдайда);
- авто құю сору станциясын және автокөлікке құю алаңын, темір жол цистерналарына арналған сору станциясын өнімді сору станциясымен құю-құйып алу эстакадаларын (келісім бойынша) жөндеу жұмыстарын;
- бекітілген талаптарға сәйкес өрт сөндіру және өрт сигнализациясы жүйесін (келісім бойынша) қайта қалпына келтіру және жөндеу;
- филиал аумағындағы автожолын ішінара жөндеу (келісім бойынша) жұмыстарын өткізеді.
Резервуарларды пайдалану мерзімі мен талаптары, жобада әр талаптың қызығушылығы мен рөлі тікелей сөйлесулер арқылы жеке кәсіпкердің инвестициясы көлемін есепке алу арқылы, сонымен қатар Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу механизмін қолдану арқылы анықталады.
-
Жеке әріптес жаңа мұнай өнімдерін сақтайтын кіші көлемдегі резервуарлар мен жаңа автоқұю станциясын құрылысын салады. Осы мақсатта өз қаржысына:
- жартылай құлаған қазандықты құлату (2 қабатты ғимарат, аумағы 332 м2) және май сору станциясы (1 қабатты ғимарат, аумағы 472 м2);
- бекітілген талаптарға сәйкес өрт сөндіру және өрт сигнализациясы жүйесін (келісім бойынша) қайта қалпына келтіру және жөндеу).
- филиал аумағындағы автожолды ішінара жөндеу (келісім бойынша) жұмыстарын өткізеді.
Резервуарларды пайдалану мерзімі мен талаптары, жобада әр талаптың қызығушылығы мен рөлі тікелей сөйлесулер арқылы жеке кәсіпкердің инвестициясы көлемін есепке алу арқылы, сонымен қатар Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу механизмін қолдану арқылы анықталады.
2. «КОМЕТА» ФИЛИАЛЫ
Орналасқан жері: Алматы қ., Сүйінбай көшесі, 170А.
Байланыс тұлғасы: Солтанов Қайрат Әмірұлы, тел. (7172)374186, ұялы тел. 87021908846, 87776004005.
Нысанның жалпы аумағы: 22,9 га
Объектінің мақсаты: Тауарлар мен материалды қабылдау, сақтау және жөнелту.
Материалдық-техникалық база.
Негізгі өндірістік объектілер:
1) азық-түлік қоймалары - 19 бірлік, алаңы 1216 м2 (жалпы ауданы 23104 м2);
2) Тоңазытқыштар - 2 бірлік. 17 тоңазытқыш камерасы бар (жалпы көлемі 25875 м3), компрессорлық қондырғылар - 3 бірлік, градирня мен аммиак сақтау резервуарлары;
3) Өсімдік майын сақтауға арналған 13 резервуар май тобы құрамында:
РВС-400м3 – 7 бірлік, РВС-1000м3 – 4 бірлік;
-
Өнім сорғы станциясы темір жол цистерналарына құю-құйып алу эстакадасымен.
-
Авто құю сорғы станциясы, автокөлікке құю алаңымен.
Қосалқы объектілер және техника:
-
Әкімшілік-тұрмыстық корпустары, ауданы 194,3 м2 болатын сапаны бақылау зертханасының жеке ғимаратын қоса алғанда;
-
Гараж – 2 бірлік, 5 көлікке арналған;
-
Тепловозное депосы;
-
Қойма үй-жайлар;
-
Инженерлік коммуникациялар, соның ішінде: су қамтамасыз ету және канализацияны қоса алғандағы басты және резервті желілер тартылған трансформаторлық қосалқы станциядан қуаттылығы 400 кВА болатын, 1 санаттағы электрмен қамтамасыз ету, өртке қарсы сумен және резервуарлар;
-
№ 600 қосушы теміржол жолын ұзындығы 2 км және тұйық жол (филиал темір жол жолының жалпы ұзындығы 5,7 км)
-
Қатты жабындылар төселген автожолдар 3 км.
-
Техника: экскаватор (шөміш 0,3 м3), трактор ДТ-75, жүк автокөлігі КАМАЗ-5312, бортты автокөлік ГАЗ 32213, микроавтобус Газель 3221, тепловоздар – 3 дана.
Объект ҚР ІІМ АКҚБ күзетеді. Филиал аумағы қоршалған БӨП бар, бейнебақылау жүйесімен және күзет сигналы жүйесімен қамтылған.
3 өрт сөндіруші автомобильмен, жарақтармен және жабдықтармен қамтылған, филиалдың өртке қарсы қызмет жауынгерлік есеп-топ тәулік бойына кезекшілік жүргізеді.
Тоңазытқыштардағы компрессорлық цехта авариялық-құтқару қызметі епеп-тобы тәулік бойына кезекшілік жүргізеді.
Ұсынылатын МЖӘ негізінгі әріптестік жүргізу нұсқалары:
-
Жеке әріптес ұзындығы 1,7 шақырым №600 қосушы теміржолды қолдануына қабылдайды, бұл жолды жылжымалы құрамды өткізу үшін тұйық жол тармақтарында орналасқан контраганттерге береді. Осы мақсатта өз қаржысына:
- қабылдап алатын №600 теміржолға күрделі жөндеу, өтпе жолдарды қайта құру;
- филиалдың теміржол қақпасын қайта құру, филиалдың теміржол қақпасында күзет бекеті мен жіті тексеру алаңын орнату (келісім бойынша).
№600 теміржолды пайдалану мерзімі мен талаптары, жобада әр талаптың қызығушылығы мен рөлі тікелей сөйлесулер арқылы жеке кәсіпкердің инвестициясы көлемін есепке алу арқылы, сонымен қатар Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу механизмін қолдану арқылы анықталады.
-
Жеке әріптес май тобының резервуарларын сақтауға толық және жартылай қабылдайды. Осы мақсатта өз қаржысына:
- қабылданған резервуарларды техникалық зерттеу, диагностикалау, сонымен қатар жөндеу жұмыстарын және қайта бейіндеу (қажет болған жағдайда);
- авто құю сору станциясын және автокөлікке құю алаңын, темір жол цистерналарына арналған сору станциясын өнімді сору станциясымен құю-құйып алу эстакадаларын (келісім бойынша) жөндеу жұмыстарын;
- бекітілген талаптарға сәйкес өрт сөндіру және өрт сигнализациясы жүйесін (келісім бойынша) қайта қалпына келтіру және жөндеу;
- филиал аумағындағы автожолын ішінара жөндеу (келісім бойынша) жұмыстарын өткізеді.
Резервуарларды пайдалану мерзімі мен талаптары, жобада әр талаптың қызығушылығы мен рөлі тікелей сөйлесулер арқылы жеке кәсіпкердің инвестициясы көлемін есепке алу арқылы, сонымен қатар Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу механизмін қолдану арқылы анықталады.
-
Жеке әріптес азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыштарда толық және жартылай қабылдайды. Осы мақсатта өз қаржысына:
- қабылданған тоңазытқыш компрессор қондырғыларын, градирия мен аммиак сақтауға арналған резервуарлардықоса алғанда ғимарат пен тоңазытқыш жабдықтарын техникалық зерттеу, диагностикалау, жобалау құжаттамасын әзірлей отырып;
- бекітілген талаптарға сәйкес өрт сөндіру және өрт сигнализациясы жүйесін (келісім бойынша) қайта қалпына келтіру және жөндеуін;
- филиал аумағындағы автожолын жартылай жөндеу (келісім бойынша) жұмыстарын өткізеді.
Тоңазытқыштарды пайдалану мерзімі мен талаптары, жобада әр талаптың қызығушылығы мен рөлі тікелей сөйлесулер арқылы жеке кәсіпкердің инвестициясы көлемін есепке алу арқылы, сонымен қатар Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу механизмін қолдану арқылы анықталады.
-
Жеке әріптес азық-түлік және (немесе) мұнай өнімдерінің сапасын бақылау үшін зертхана ғимаратын пайдалануға толық қабылдайды. Осы мақсатта өз қаржысына:
- зертхананы қажетті жабдықтармен, құралдармен, реактивтермен және құрал-жабдықтармен жабдықтау;
- мамандарды даярлау және зертхананы аккредиттеу;
- зертхана ғимаратын ішінара жөндеу.
Зертханаларды пайдалану мерзімі мен талаптары, жобада әр талаптың қызығушылығы мен рөлі тікелей сөйлесулер арқылы жеке кәсіпкердің инвестициясы көлемін есепке алу арқылы, сонымен қатар Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу механизмін қолдану арқылы анықталады.
Әріптестік жөніндегі ұсынылатын нұсқаларымыз
ТҮПКІЛІКТІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.
Біз сіздердің ұсыныстарыңызды және бастамаларыңызды күтеміз!
Анықтама үшін телефондар :
87011908846, 87776004005
- Опубликовано: 25 Май 2018
- Обновлено: 28 Май 2018
- Создано: 25 Май 2018
- Просмотров: 9805