«Резерв» РМК Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шара өткізді

 

 

          «Резерв» РМК жұмыскерлері Жеңіс батырларын еске алу құрметіне Отан-Ана монументіне гүл шоқтарын қою іс-шарасын өткізді, онда олар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап генерал-майор Панфиловтың басшылығымен 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында қатысқан батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мәскеу шайқасында көрсеткен батылдығы үшін ол 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.

Фашизмді жеңген Ұлы Жеңістің батырлары мәңгі біздің жүрегімізде.

 

«Резерв» РМК