Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында «Резерв» РМК басшылығы филиал басшыларына тиісті тапсырмалар берілген филиалдардың қызметімен танысу мақсатында «Резерв» РМК – «Комета», «Стрела», «Орбита», «Высота», «Целина», «Сигнал», «Заря» филиалдарына барды филиалды одан әрі дамыту бойынша жеке әңгімелер жүргізіп, жұмыскерлердің еңбек жағдайларымен танысты.
Бас директор жұмыскерлерге қолайлы жағдай жасау үшін филиалдар ғимаратын жөндеуге және қайта құруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, филиалдар қызметінің ағымдағы кезеңінің деректерін алдыңғыларымен салыстыру арқылы филиалдар жұмысын тұрақты бағалауды жүзеге асыру, көрсетілген кезеңдегі филиал бойынша оң немесе теріс жақтағы өзгерістерді қадағалау қажеттігін атап өтті. Филиал директорларына коммерциялық қызметті дамытуды тапсырды.
Мотивацияны арттыру және кәсіби жетістіктерді мойындау үшін кейбір филиалдарда бас директор ерекше көзге түскен жұмыскерлерге еңбегі мен үздік жұмысы үшін грамоталар мен алғыс хаттарды табыстады.
«Резерв» РМК
- Опубликовано: 04 Июнь 2025
- Обновлено: 04 Июнь 2025
- Создано: 04 Июнь 2025
- Просмотров: 26