Автоматика

   «Автоматика» филиалының директоры Табжанов Дәурен Жұмаханұлы

   1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді.

   1997 жылы Тараз қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы-несие мамандығы бойынша бітірді. 2001 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.

   Еңбек өтілі: ҚР Мәжіліс аппаратында депутаттың көмекшісі, заңнама бөлімінің бас консультанты, ҚР ПМ кеңсесінде сектор меңгерушісі, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінде құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық байланыстар басқармасының бастығы, ҚР МҚБК облыстарында Соттардың қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, ҚР Президентінің Іс Басқармасында құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ жеке секторда қызмет атқарды.

   Байланыс: 8 776 611 2114

   Пошталық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

   «Резерв» РМК «Автоматика» филиалы Нұр-Сұлтан қаласы Өндіріс к-сі, 79 А мекенжайында орналасқан.

  Филиал аумағында ЖЖМ-ге арналған 26 резервуар бар, оның ішінде 8 РВС (тігінен тұрған болат резервуарлар) 3000 м3 және 18 РВС 10000 м3. Бүгінгі күні «Автоматика» филиалында дизель отынына жалға алу үшін көлемі 7,5 мың тоннаға 10000 м3 2 РВС (тігінен тұрған болат резервуарлар) бар.

   Жанар-жағармайды құю және құюдың қолайлығы үшін филиал аумағында бір мезгілде цистерналардың 14 вагонын құйып алатын теміржол эстакадасы бар.

  Автотасымалдаушылар үшін АСВН–100 «Ярус» жоғарғы құю автоқұю жүйесі орнатылған және екінші автотүсіру жүйесі қайта жаңартылды, онда бір мезгілде екі отын тасымалдаушыны толтыруға мүмкіндік беретін екі Гусак орнатылған, соның арқасында автомашина цистерналарын үздіксіз құю процесі жүзеге асырылады.

   «Автоматика» филиалы мұнай өнімдерін үлкен көлемде сақтау қызметтерін және вагондарды сақтау қызметтерін көрсетуге дайын.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі