Заря

5555555555   «Заря» филиалының директоры Смәтілдаев Асқар Жеңісұлы

   1975 жылы Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірді. 1997-2000 ж.ж.  «Союз-К» БК, 2000-2005 ж.ж. «Резерв» РМК орталық аппаратында, 2005-2007 ж.ж. «Автоматика» филиалында, 2008-2009 ж.ж. «Ремстройтехника» АҚ және «Орбита» филиалында, 2009-2010 ж.ж. «Қазмұнайгаз өнімдері» АҚ-да жұмыс істеді, 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Заря» филиалының директоры лауазымында қызмет атқарады.

   Байланыс: 8 (7254) 02-13-44

   эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

   

   Филиалдың негізгі міндеті – тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау.

   «Резерв» РМК «Заря» филиалы Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан. Автокөлікке арналған бір кірмежол және теміржол көлігіне арналған бір кірмежол бар.

   Филиал аумағының периметрі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бұл тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

   Қазіргі уақытта «Заря» филиалы тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау бойынша қызмет көрсетуге дайын:

- әрқайсысының көлемі 5000м3 РТС типті резервуарларға ЖЖМ (дизель отыны) сақтау.

- 88 вагонцистернаға рұқсат беретін филиал аумағындағы теміржол тұйығында бос вагондарды сақтау.

   Филиалда мынадай жүк машиналары бар: Камаз, автокран, жұмыскерлерді тасымалдауға арналған газель, үш МТЗ тракторы. Филиал аумағында вагондарды тиеу-түсіру үшін темір жол орналасқан.

   Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін резервтік дизельді электр станциясы бар. Филиал штатының құрамына 19 адамнан тұратын мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет (МЕӨҚ) кіреді, МЕӨҚ жарағында 3 өрт сөндіру автомобилі бар.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі