Стрела

3333333 

     «Стрела» филиалының директоры Барысов Ержан Бөкенұлы

      1979 жылы Алматы облысы Қапал ауылында дүниеге келді. 2000 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтады. 2003 жылы Д.Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2019 жылы КАЗАГУ университетін «Мұнай-газ инженері» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2002 жылы Талдықорған қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің ұйымдастыру-бақылау қамтамасыз ету бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған. 2006 жылы Талдықорған қаласы ІІБ Жол полициясы бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы ЖШС Мұнай-Дос коммерциялық директор қызметін атқарды. 2015 жылы ҚР ТЖМ ММРК «Резерв» РМК «Стрела» филиалының директоры болып тағайындалды.

    Байланыс: 8(72834)3-47-41

    эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

    «Резерв» РМК «Стрела» филиалы Алматы облысы Қаратал ауданында (Бастөбе ауылы) орналасқан. Филиалдың негізгі міндеті – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету, атап айтқанда ашық түсті мұнай өнімдерінің екі түрін (дизель отыны, авиациялық отын) сақтау, ол үшін мұнай өнімдерін сақтауға арналған траншея резервуарлары бар.

    Филиалда вагон цистерналарынан мұнай өнімдерін қабылдау және тиеп жөнелту үшін өнім-сорғы станциясы және ж.д. төгу-құю эстакадасы бар. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін автоцистерналарға тиеуге арналған автоқұю алаңы бар. Цистерналардың вагондарын беру және жинау үшін темір жол тармағы бар. Филиалда тиелген және бос вагондарды сақтау мүмкіндігі бар теміржол тұйықтары бар.

    Сонымен қатар, мамандандырылған техниканы сақтауға арналған жалпы ауданы 1100 м2 болатын 2 автошатыр бар.

   Кәсіпорын аумағының периметрі периметрлік және өрт дабылымен жабдықталған, оны тәулік бойы мамандандырылған күзет басқармасы күзетеді. Филиал бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, бұл тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (периметрі бойынша орталық бақылау пультіне бейне тіркеушісі бар мониторға шығарылған 41 бейнекамера орнатылған).

   Апат немесе электрмен жабдықтау ажыратылған жағдайда филиалда өнім-сорғы станциясының сорғыларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін автономды дизельді электр станциясы бар.

   Филиал штатының құрамына мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет кіреді, 3 өрт сөндіру автокөлігі бар. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет штаты филиалда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәжірибелі жұмыскерлермен жасақталған.

   Филиалда бүкіл филиалды сумен қамтамасыз ететін 4 артезиан ұңғымасы бар.

   «Стрела» филиалы қазіргі уақытта қызмет көрсету үшін ынтымақтастыққа дайын:

- траншея резервуарларында ЖЖМ (авиациялық керосин, дизель отыны) сақтау;

- теміржол вагондарын сақтау.  

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі