Орбита

6666666666   «Орбита» филиалының директоры Наурызбек Шұғайұлы Исин


   1974 жылы 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
   2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Құқық қорғау органдарында 1994 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеді, қызмет жолын Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ милиционер-кавалерист болып бастаған. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Филиал директоры болып тағайындалғанға дейін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетте болған.

   Байланыс: 8 (7152) 40-06-84

   эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

    «Орбита» филиалының негізгі қызметі – ашық түсті мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, босату.

   ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК «Орбита» филиалы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында орналасқан. Филиалда автокөліктердің кіруіне арналған басты қақпалар және шаруашылық қақпалар, сондай-ақ вагон-цистерналардың аумағына өтуге арналған темір жол кіру қақпалары бар.

   Филиал аумағы бақылау-өткізу пунктімен және СКУД жүйесімен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, күзет-өрт дабылы бар.

   Аумақты күзетуді ҚР ІІМ СҚО ПД мамандандырылған күзет қызметі жүзеге асырады.

   Филиал аумағында бөгде ұйымдардың бос вагондарының тұруына арналған теміржол тұйықтары бар.

   Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін резервтік дизель станциясы бар.

   Филиал штатының құрамына мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет (МЕӨҚ) және 3 өрт сөндіру автомобилі кіреді.

   «Орбита» филиалы бөгде ұйымдарға белгіленген тарифтер бойынша қызмет көрсетуге дайын:

- мұнай өнімдерін резервуарларда сақтау қызметтері;

- тиеу / түсіру жұмыстары;

- ТЖ қызметтері.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі