«Бүркіт» филиалының директоры Керейбаев Адақ Қайртайұлы
1975 жылы Шығыс Қазақстан обылысында дүниеге келді. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылдан бері «ҚТЖ» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2021 жылы «Резерв» РМК «Высота» филиалының бас инженері- директордың орынбасары болып, 2021 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ ММРК «Резерв» ШЖҚ РМК «Бүркіт» филиалының директоры.
Байланыс: 8 (7234) 52-19-60
эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Бүркіт» филиалы Шығыс Қазақстан облысында (Жарма ауданы, Шар қаласында) орналасқан. Филиалдың негізгі мақсаты – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету, атап айтқанда мұнай өнімдерінің екі түрін сақтау. Филиалда мұнай өнімдерін сақтауға арналған траншеялы резервуарлар бар.
Филиалда өнім сорғы станциясы және тиеу-түсіру темір жолы, вагон цистернасынан мұнай өнімдерін қабылдау және жөнелтуге арналған эстакада бар. Сондай-ақ мұнай өнімдерін автоцистерналарға тиеуге арналған автоқұю алаңы бар. Вагон-цистерналарды жеткізу және тазалау үшін темір жол желісі бар. Филиалда теміржол тұйықтары бар. Тауарлық-материалдық құндылықтардың қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету үшін бүкіл периметр бойынша бейнебақылау камералары мен күзет дабылдары орнатылған. Сондай-ақ резервуар паркінде де бейнебақылау камералары орнатылған. Авария немесе электр қуаты өшкен жағдайда филиалда өнімді сорғы станциясының сорғыларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін автономды дизельдік электр станциясы бар.
Филиал штатында мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет, 3 өрт сөндіру көлігі бар. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің жеке құрамы филиалда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәжірибелі қызметкерлерден тұрады.
Филиалда бүкіл филиалды ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз ететін автономды құдық бар. Қазіргі уақытта «Бүркіт» филиалы қызмет көрсету бойынша ынтымақтастыққа дайын:
- көлемі 5000 м3 траншеяларда жанар-жағармай материалдарын (керосин, бензин) сақтау;
- 25-30 вагон көлеміндегі темір жол вагондарын сақтау.
- Опубликовано: 18 Февраль 2022
- Обновлено: 23 Май 2024
- Создано: 18 Февраль 2022
- Просмотров: 1120