«Балқаш» филиалының директоры Серік Тұрсынұлы Смаилов 1971 жылы 22 мамырда дүниеге келген, білімі жоғары, 2020 жылдан бастап филиалды басқарады.
«Балқаш» филиалы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында орналасқан. Филиалдың негізгі міндеті – мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету, атап айтқанда азық-түлік-өнеркәсіп тауарларын сақтау.
«Балқаш» филиалы қазіргі уақытта тауарлық-материалдық құндылықтарды бос қоймаларға қабылдауға дайын. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: жылытылатын қойма үй-жайлары бар, барлық қойма үй-жайларында температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.
Теміржолдың кірме жолдары, тепловоз, жүк түсіру және тиеу үшін автокарлар бар.
Кәсіпорын аумағының периметрі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған және ҚР ІІМ ШҚО МКҚБ қызметкерлерімен күзетіледі бұл тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қойма үй-жайлары өрт және күзет сигнализациясы жүйесімен жабдықталған.
Электр энергиясымен қамсыздандыру жүйесінде апат болған жағдайда автономды дизельді электр станциясы қолданылады.
«Балқаш» филиалы тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қызметтерін көрсетуге дайын.
Электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі: 8 (7222) 31-52-35
- Опубликовано: 18 Февраль 2022
- Обновлено: 23 Май 2024
- Создано: 18 Февраль 2022
- Просмотров: 778